АЙСАМАЛ САНСЫЗБАЕВА - ƏЛЕМ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!
Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан өткен онлайн Əлем кубогінде жерлесіміз Айсамал Сансызбаева алтыннан алқа тағынып, көк туымызды желбіретті.
Жарыстың соңғы күнінде 81 келіден жоғары салмақ дəрежесінде жасөспірімдер арасында сынға түскен Айсамал жұлқа көтеруде - 107, серпе көтеруде - 137 келіні көтеріп, қоссайыс нəтижесінде 244 келіні бағындырды. А.Сансызбаева Шиелі ауданының тумасы, қазіргі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде оқиды.
Жаттықтырушылары: Арман Абдраев жəне Нұрсұлтан Бахрадин.