Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп – интернат – колледж оқушылары барлық қыз келіншектерді құттықтап, мерекелік іс – шара өткізді. Іс – шара барысында оқушылар әннен шашу шашып, би билеп, оқушылар мен ұстаздар қауымына мерекелік көңіл күй сыйлады.