Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Сансызбаева Айсамал жасөспірімдер арасында +81 келіде, жастар арасында +87 келіде жұлқи көтеру – 109 келі, серпе көтеру – 140 келі, қоссайыс нәтижесінде 249 келіні бағындырып жеңімпаз атанды. Ал колледжіміздің 1 курс  студенті Сапи Есенкелді  жастар арасында 81 келі салмақ дәрежесінде жұлқи көтеру – 134 келі, серпе көтеру – 177 келі, қоссайыстың нәтижесінде 311 келіні көтеріп қола жүлдегер атанды.