Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде "Қош келдің еліме, жаңа жыл!" атты мектепішілік іс шара болып өтті. Алғашқы сөз кезегі Нұрпейсов Ибраким Әбдіғаппарұлына беріліп, оқушыларға ыстық лебіздерін білдірді. 2020 жылға оқушыларымызды жігерлендіріп, олардың бұдан да биік дәрежеге лайық екенін айтып өтті. Сонымен қатар, Жыл үздігі-2019 номинациясымен лайық деп танылған жандарды марапаттады. Атап өтсек, "Үздік оқушы - 2019" - Кітапбаев Досжан, "Үздік студент - 2019" - Тәттібай Айдос, "Үздік тәрбиеші - 2019" - Абуова Фарида, "Үздік мұғалім - 2019" - Искакова Гулмира, "Жылдың жас спортшысы - 2019" - Сұлтанбек Дильназ бен Уракбаева Сайра, "Жыл жаңалығы - 2019" - Бектас Азамат, "Жыл аруы - 2019" - Сансызбаева Айсамал, "Жылдың ең үздік спортшысы - 2019" - Сәпи Есенкелді, "Жылдың ең үздік жаттықтырушысы - 2019" - Удурбаева Диана мен Абдраев Арман. Кеш соңы оқушылардың ән биімен жалғасын тапты.