Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде 24 желтоқсан күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Адамзаттың перзенті- ұлы Абай» атты мектепшілік іс-шара өткізілді. Абай оқуларына арналған мәнерлеп оқу сайысы түрінде ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар Абайдың шығармашылығына терең бойлап, қара сөздерін, өлеңдерін жатқа айтудан, ақын шығармашылығының басқа да қырларын ашудан өз білімдерін ортаға салды. Кеште ұлы ақынның әсерлі әндері, күйлері тыңдалып, оқушылардың жеке шығармашылығынан Абайға арнау өлеңдері жолданды. Кеш соңында әдебиет сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген шәкірттер ең үздік өнер көрсеткен бөлім және ерекше көзге түскен оқушылар арнайы сыйлық, алғыс хаттармен марапатталды.