Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп – интернат – колледж оқушылары барлық қыз келіншектерді құттықтап, мерекелік іс – шара өткізді. Іс – шара барысында оқушылар әннен шашу шашып, би билеп, оқушылар мен ұстаздар қауымына мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Сансызбаева Айсамал жасөспірімдер арасында +81 келіде, жастар арасында +87 келіде жұлқи көтеру – 109 келі, серпе көтеру – 140 келі, қоссайыс нәтижесінде 249 келіні бағындырып жеңімпаз атанды. Ал колледжіміздің 1 курс  студенті Сапи Есенкелді  жастар арасында 81 келі салмақ дәрежесінде жұлқи көтеру – 134 келі, серпе көтеру – 177 келі, қоссайыстың нәтижесінде 311 келіні көтеріп қола жүлдегер атанды.

Ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты және кубогы Қызылорда қаласында 09-15.02.2020 жылы болып өтті. Нәтижесінде:

Нұржан Аяжан  - 59 келі  I орын

Абдраманов Шахизат  - 96 келі  ІІ орындарға ие болды.

 

Дзюдодан 2003-2004 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты  Қостанай қаласында  07-10.02.2020 жыл аралығында болды. Нәтижесінде: 

Мәлікқызы Самал         44 кг  II орын

Жылқыбай Құндыз        48 кг  III орынға ие болды.

Бокстан 2004-2005 ж.т. жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты Екібастұз қаласында 27.01-02.02.2020 жыл аралығында болып өтті. Нәтижесінде Төрешова Нұржауған 2004 ж.т.  - 46 келі ІІ орынға ие болды.

Ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ҚР чемпионаты Қостанай қаласында 25-29.01.2020 аралығында болып өтті. Нәтижесінде:  9 алтын, 5 күміс, 1 қола

1. Жауынтаев Әлфараби 55 келі дәрежесінде

Жұлқа көтеру 88 келі ІІІ орын

Серпе көтеру  121 келі І орын

Қоссайыс нәтижесі 209 кг І орын

 2. Тәңірбергенова Алтынай 49 келі дәрежесінде

Жұлқа көтеру 60 келі І орын

Серпе көтеру 80 келі І орын

Қоссайыс нәтижесі 140 кг І орын

 2. Каюпова Таңшолпан 49 келі дәрежесінде

Жұлқа көрету 50 келі ІІ орын

Серпе көтеру 58 келі ІІ орын

 Қоссайыс нәтижесі 108 кг ІІ орын

 3. Данышпан Дінмұхаммед 61 келі дәрежесінде

Жұлқа көтеру 106 кг І орын

Серпе көтеру 126 кг ІІ орын

Қоссайыс нәтижесі 232 кг ІІ орын

 4. Абдрахманов Шахизат 96 келі дәрежесінде

Жұлқа көтеру 130 кг І орын

Серпе көтеру 160 кг  І орын

Қоссайыс нәтижесі 290 кг І орын

Бокстан 2002-2003 ж.т. жастар арасында ҚР чемпионаты Атырау қаласында 20-25.01.2020 жыл аралығында болып өтті. Нәтижесінде:

  1. Басаров Жақсылық              2003 ж.т. 60 келі ІІІ орын
  2. Серікбол Айдар                    2002 ж.т. 75 келі ІІІ орын ие болды. 

Талдықорған қаласында 14 - 20 қаңтар аралығында 2004 - 2005 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Нәтижесінде біздің Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп - интернат - колледжінің 10 сынып оқушысы Орынбасар Ақтілек 52 келі салмақ дәрежесінде 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Бокстан 2008-2009 ж.т. кіші жасөспірімдер арасындағы  Сералиев Бексұлтан Нұрланұлын еске алуға арналған облыстық ашық біріншілік 16-19 қаңтар аралығында Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде болып өтті. Ашық біріншілік нәтижесінде:           

  1. Нұрдосұлы Заңғар Шиелі ауд 28 келі I топ.
  2. Қалдан Нурлыхан Жалағаш ауд 28 клі II топ.
  3. Әділханұлы Тәңірберген Шиелі ауд 30 келі.
  4. Ақназар Айдын Жалағаш ауд 32 келі I топ.
  5. Тажикулов Алишер Қызылорда қал 32 келі II топ.
  6. Мысыр Заманбек Шиелі ауд 34 келі I топ.
  7. Русламұлы Меіржан Арал ауд 34 келі II топ.
  8. Нурмурат Береке Жалағаш ауд 36 келі I топ.
  9. Темірхан Естай Қызылорда қал 36 келі II топ.
  10. Сәтбай Сұлтан Қазалы ауд 38 келі.
  11. Қайратұлы Ерасыл Шиелі ауд 40 келі.
  12. Бақытжанұлы Мағжан Сырдария ауд 42 келі.
  13. Амангелдиев Ақылжан Қармақшы ауд 44 келі.
  14. Тұрғынбай Бекнұр Қызылорда қал 46 келі.
  15. Шөмекей Ердаулет Қызылорда қал 48 келі.
  16. Болатулы Асхат Жалағаш ауд 52 келі.
  17. Асылбекұлы Саят Қызылорда қал +54 келі - 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде "Қош келдің еліме, жаңа жыл!" атты мектепішілік іс шара болып өтті. Алғашқы сөз кезегі Нұрпейсов Ибраким Әбдіғаппарұлына беріліп, оқушыларға ыстық лебіздерін білдірді. 2020 жылға оқушыларымызды жігерлендіріп, олардың бұдан да биік дәрежеге лайық екенін айтып өтті. Сонымен қатар, Жыл үздігі-2019 номинациясымен лайық деп танылған жандарды марапаттады. Атап өтсек, "Үздік оқушы - 2019" - Кітапбаев Досжан, "Үздік студент - 2019" - Тәттібай Айдос, "Үздік тәрбиеші - 2019" - Абуова Фарида, "Үздік мұғалім - 2019" - Искакова Гулмира, "Жылдың жас спортшысы - 2019" - Сұлтанбек Дильназ бен Уракбаева Сайра, "Жыл жаңалығы - 2019" - Бектас Азамат, "Жыл аруы - 2019" - Сансызбаева Айсамал, "Жылдың ең үздік спортшысы - 2019" - Сәпи Есенкелді, "Жылдың ең үздік жаттықтырушысы - 2019" - Удурбаева Диана мен Абдраев Арман. Кеш соңы оқушылардың ән биімен жалғасын тапты. 

 

 

Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде 24 желтоқсан күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Адамзаттың перзенті- ұлы Абай» атты мектепшілік іс-шара өткізілді. Абай оқуларына арналған мәнерлеп оқу сайысы түрінде ұйымдастырылған іс-шарада оқушылар Абайдың шығармашылығына терең бойлап, қара сөздерін, өлеңдерін жатқа айтудан, ақын шығармашылығының басқа да қырларын ашудан өз білімдерін ортаға салды. Кеште ұлы ақынның әсерлі әндері, күйлері тыңдалып, оқушылардың жеке шығармашылығынан Абайға арнау өлеңдері жолданды. Кеш соңында әдебиет сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген шәкірттер ең үздік өнер көрсеткен бөлім және ерекше көзге түскен оқушылар арнайы сыйлық, алғыс хаттармен марапатталды.

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. Осы мерекеге орай Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде «Тәуелсіздік – теңгесі жоқ байлығым» атты мектепішілік іс – шарамыз болып өтті. Іс – шарамыз  мараппаттаумен басталып, оқушылардың Тәуелсіздік күніне арнаған ыстық лебіздерімен жалғасын тапты. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз!

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мейрамы қарсаңында еңбек ұжымында кәсіподақ жұмысын дамытуға қосқан үлесі және еңбек адамымен ыңғайлы қарым – қатынастар жасау арқылы әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттегені үшін Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры Нұрпейісов Ибраким Әбдіғаппарұлы марапатталды.