Біздің мектебіміз облыстағы бірден – бір өзіндік орны қалыптасқан оқу орны. 2001 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы жұмыс күні басталып, күні бүгінге дейін жұмыс жүргізудеміз.

 

Хронология: 

2019 оқу жылы

УТГ 3 – 10 топ
УТГ 4 - 8 топ
УТГ 5 – 4 топ
СС 1 – 12 топ

Жаттықтырушылар
1. Сеилов С.
2. Жеңісбеков А.
3. Нурышов А.
4. Утегенов С.
5. Қожаниязов Б
6. Мұратов Е
7. Рахметов М
8. Жанжігітов А.
9. Давлетов Ф.
10. Кубегенов Қ
11. Сатыбалдиев А.
12. Қалиұлы Қ.
13. Бурлов Р.
14. Мұстафаев Р
15. Абдраев А
16. Базарбайұлы А
17. Оңғар Е.
18. Сандықбаев Р
19. Аралбаев А
20. Хазиева Д

СШ – 2 оқушы
СШҮ – 41 оқушы
ХДСШ – 1 оқушы
ҚРЕСЖ – 1 Хазиева Диана

Бахраддин Диас – 11 сынып түлегі. Байдарка және каноэде есуден ІІІ жазғы жасөспірімдер олимпиада ойындарының жеңімпазы.
Нұрланова Эльнура - 11 сынып түлегі. Байдарка және каноэде есуден ІІІ жазғы жасөспірімдер олимпиада ойындарының қатысушысы ІV орын.
Сапи Есенкелді – 11 сынып түлегі. Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы.

2018 оқу жылы

УТГ 3 – 7
УТГ 4 – 7
УТГ 5 – 5
СС 1 – 10

Жаттықтырушылар
1. Сеилов С. (бокс)
2. Жеңісбеков А. (бокс)
3. Нурышов А. (бокс)
4. Утегенов С. (бокс)
5. Қожаниязов Б (велоспорт)
6. Мұратов Е (еркін күрес)
7. Рахметов М (еркін күрес)
8. Жанжігітов А. (еркін күрес)
9. Кубегенов Қ ( грек-рим күресі)
10. Сатыбалдиев А. (грек-рим күресі)
11. Қалиұлы Қ. (дзюдо)
12. Бурлов Р. (дзюдо)
13. Мұстафаев Р (дзюдо)
14. Абдраев А (ауыр етлетика)
15. Базарбайұлы А (ауыр атлетика)
16. Сандықбаев Р (таеквонда)
17. Аралбаев А (таеквондо)
18. Сарыбайұлы Ж (қазақ күресі)
19. Хазиева Д (байдарка және каноэ)

СШ -8
СШҮ – 41 спортшы

  • Облыстық дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2001 – 2005 жылдары мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, облыс әкімшілігінің 2001 жылы 23 мамырдағы №26 қаулысына сәйкес – 150 балаға арналған облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп – интернаты мемлекеттік мекемесі болып құрылды.
  • Алғашқы оқу жылдарын агротехникалық колледж ғимаратының базасында бастады. Онда спорттың 3 түрінен бокс, дзюдо, еркін күрес бойынша 150 оқушы жаттығу жасады. 2002 жылдан қыркүйек айынан бастап спорттың 2 түрі ауыр атлетика және грек рим күресі қосылды.

  • 2003 жылы қыркүйек айынан бастап спорттың 2 түрі велоспорт және таеквондо бөлімдері қосылды.

  • 2003 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасының №497 қаулысына сәйкес облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп – интернатына Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы есімі берілді. Осы жылы шілде айынан бастап қаламыздың солтүстік бөлігінде орналасқан темір жол мектеп – интернатының ғимараттарына қоныс аударды.

  • 2006 жылы жаңа спорт кешені пайдалануымызға берілді.

    2009 жылдың мектеп жатақханасы 2011 жылы мектеп – интернатымыздың оқу ғимараты, 2012 жылы мектеп – интернат асханасы түгелдей күрделі жөндеуден өтіп, бүгінгі заман талабына сай жабдықталып, қызметкерлерімізбен оқушылармыздың игілігіне пайдаланудамыз.

  • 2007 жылы СШК – 16, СШ – 2;

  • 2008 жылы СШК – 18, СШ – 3;

  • 2009 жылы СШК – 5, СШ – 4;

  • 2010 жылы СШК – 16, СШ – 2;

  • 2010 жылы – жатақханада күрделі жөндеулер жүргізілді;

  • 2011 жылы СШК – 12, СШ – 4, ХДСШ – 1;

  • 2011 жылы оқу ғимаратында күрделі жөндеу жасалынды;

  • 2011 жылы 5 қараша күні мектептің 10 жылдығын атап өттік;
  • 2011 жылы 5 қараша бірінші музей ашылда мектеп тарихында;
  • 2012 жылы 21 топ, УТГ3 -10, УТГ 4 – 12, УТГ 5 – 5, СС1 – 1 СС2 – 1, СШК – 21, СШ – 2;

  • 2012 жылы асханада күрделі жөндеу жүргізілді;

  • 2013 жыл 29 топ, УТГ3 -9, УТГ4 – 4, УТГ5 – 9, СС1 – 1;

  • 2014 жыл 30 топ, УТГ3 -8, УТГ4 – 12, УТГ5 – 9, СС2 – 1, СШК – 15, СШ – 3;

  • 2015 жыл 27 топ, УТГ3 - 6, УТГ4 – 6, УТГ5 – 6, СС1 – 8, СС2 – 1, СШК – 38, СШ – 1;

  • 2016 жыл 26 топ, УТГ3 -6, УТГ4 – 4, УТГ 5 – 8, СС1 – 4, СШК – 26, СШ – 2;

  • 2017 жыл 27 топ, УТГ3 -7, УТГ4 – 6, УТГ 5 – 7, СС1 – 4, СС2 – 3, СШК – 37, СШ – 7;

Жаттықтырушылар: 

17 жаттықтырушы қызмет атқарады:

  • 6 маман жоғары санатты
  • 9 маман бірінші санатты
  • 2 маман екінші санатты
  • 1 жаттықтырушы Муратов Еламан Нурадинович (еркін күрес) КСРО спорт шебері
  • 3 жаттықтырушы Абдраев Арман Базарбаевич (ауыр атлетика), Калиулы Кален (дзюдо), Бурлов Ришат Булатович (дзюдо) ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары
  • 9 жаттықтырушы ҚР спорт шеберлері:
    • Абдраев Арман Базарбаевич (ауыр атлетика)
    • Калиулы Кален (дзюдо)
    • Бурлов Ришат Булатович (дзюдо)
    • Сандыкбаев Рашид Рысжанович (таеквондо)
    • Женисбеков Асхат Женисбекулы (бокс)
    • Аралбаев Азамат Бакытулы (таеквондо)
    • Кожаниязов Бакытжан Бауыржанулы (велоспорт)
    • Бахрадин Нурсултан Дастанбекулы (ауыр атлетика)
    • Хазиева Диана Геннадиевна (байдарка)

Мектеп статистикасы: 

  • Жастар арасында әлем чемпионатының қатысушыларыёжи – 4 адам
  • Жастар арасында Азия чемпионатының катысушылары– 8 адам
  • Жас-өспірімдер арасында әлем чемпионатының қатысушылары– 14 адам
  • Жас-өспірімдер арасында Азия чемпионатының қатысушылары – 19 адам
  • ХДСШ – 20 спортшы
  • СШ ҚР – 150 спортшы
  • СШК ҚР – 350 спортшы

Мектеп түлектері:

  • 2012 жылы ХХХ жазғы Лондонда өткен олимпиада ойындарында мектебіміздің үш түлегі өнер көрсетіп, облысымыздың атын паш етті. Олар еркін күрес бөлімінен Дәулет Ниязбеков, ауыр атлеттер Алмас Өтешов пен Александар Зайчиков. Олар өз салмақ дәрежелерінде жақсы орындарға табан тіреп, ел мерейін асырды.
  • Александр Зайчиков ауыр атлетикадан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Рио – де – Жанейро қаласында өткен ХХХІ жазғы олимпиадалық ойындарының қола жүлдегері атанды.
  • Жауынтаев Бауыржан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қытай мемлекетінің Тайпей қаласында чемпион болды және де АҚШ – тың Майами қаласында Әлем чемпионы болды.
  • Мырзабек Ақерке дзюдодан жасөспірім қыздар арасында Ливан қаласында Азия чемпионы болды.
  • Шамшадин Мағжан дзюдодан жастар арасында Абу – Дабиде әлем чемпионатында чемпион болды.
  • Евгений Ломанов Малайзияның Пенанг қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

 

Мектеп – интернатындағы спорттық залдар өлшемі 18х30 м болатын 2 спорттық залдарда оқу – жаттығу сабақтарын бокс, грек рим күресі және дзюдо бөлімдері өткізеді. Басқа 2 спорт залында еркін күрес бөлімдері мен ауыр атлетика бөлімдері оқу – жаттығу сабақтарын жүргізсе таеквондо және велоспорт бөлімшелері оқу – жаттығу сабақтарын өздеріне тиесілі спорттық залдарда жетілдіреді. Спорттық залдар оқушылардың талғамына, өз спорт түрлерінің ерекшеліктеріне сай жабдықталған. 

Мектеп – интернатты бітіруші түлектеріміздің 80% «дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша түрлі деңгейдегі оқу орнына түсіп, білімдерін шыңдайды. Бұл дегеніңіз, еліміздің бұхаралық спортты дамытуға қосқан үлесіміздің бір үлкен парасы деуге болады.

Мектеп – интернатымыздағы оқушылардың жатын – жайы – жатақхана. Бұл 200 оқушыға лайықталып, қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Бөлмелері 2 – 3 – 4 оқушыға лайықталған. Спортшыларымызға қажетті барлық жағдайлар жасалған. 15 тәрбиеші жұмыс жасайды. Сапалық құрамын айтар болсам, 2 – тәрбиеші жоғары санатты; 6 – тәрбиеші бірінші санатты; 6 – тәрбиеші екінші санатты оған қоса түнгі көмекші тәрбиешілер де жұмыс атқарады.

Оқушылар тәрбие бөлім ұйымдастыратын мектепішілік түрлі іс – шараларға белсенді қатысады.

Мектеп – интернатымыздың дәрігерлік бекеті де осы жатақханады орналасқан. 1 білікті дәрігер, 2 медқызметкер спортшыларымыздың денсаулығын қадағалауда.

2011 жылы 5 қарашада мектебіміздің 10 жылдық мерей тойын өткіздік. Бұл тікелей ұжым қызметкерлері мен оқушылардың атсалысуы арқылы Республика көлемінде жоғары деңгейде аталып өтті. Осы шара барысында мектеп – интернат тарихына байланысты мектеп – мұражайы ашылып, барлық жетістіктеріміз қойылып, келешек ұрпаққа ұмытылмастай ескерткіш қалдырылды.

Іскерлік пен дағдыны, оқушының болмысын қалыптастыруда ата – анамен өте тығыз байланыс орнаған. Алыс аудандардан ат басын тікелей мектебімізге бұрып келетін ата – аналардың мектеп жұмысына көңілдері толып, оң бағаларын беріп жатады.

Жылдан жылға мектебіміздің мүмкіндігі кеңейіп, алдыңғылар қатарынан орын алу мүмкіндігіне ие болып жүргенін айта кету керек. Қазақ тіліміздің мәртебесін, тіл мәдениетін, өнерін, әдет – ғұрпын, ұлттық сана- сезімін қалыптастырып тәрбиелеу мақсатында қаншама іс – шараларға мұғалім тәрбиеші және жаттықтырушылар бірлескен түрде өз үлестерін қосып келеді.

Оқушыларымыздың білім сапасына тікелей әсер етуші тағы бір сала – кітапхана. Мектеп – интернатымыздың кітапханасы мектеп ғимаратында оқушыларымыздың жатын жайында оқып ізденулеріне лайықталып жабдықталған. Мұндағы түрлі пәндер бойынша кітап саны 5000 – ға жуық. Оның ішінде көркем әдебиеттер, гуманитарлық бағыт бойынша бекітілген пәндік оқулықтар, газет – журналдар жиынтығы бар. Мектеп - жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана болғандықтан қазіргі оқушыны қандай тәсілмен болмасын кітап оқуға баулу – басты назарымызда. Бұған кітапхананың қосар үлесі ерекше. Мұнда кітап бұрыштары жасалып қойылған. Баспасөз материалдары – газет журналдар дер кезінде түрлі ақпараттармен оқырмандар қолына тиіп отырады.

«Мектеп – білім тірегі, шәкірт – оның жүрегі» демекші жас ұрпаққа білім беріп тәрбиелеуде кәсіби шеберлік талап етіледі. Мектеп – интернатымыздың оқу ғимараты үлкен 3 қабатты. 15 оқу кабинеттері, әдістеме бөлмесі, мәжіліс залы бар. Оның ішінде 4 оқу кабинеті заман талабына сай компьютерлік құрылғылармен жабдықталған.

23 оқытушы мұғалім дәріс жүргізеді. Сапалық құрамы - 5 мұғалім жоғары санатты, 10 мұғалім бірінші санатты, 5 мұғалім екінші санатты мұғалімдер оқушыларды білім нәрімен сусындатуда. Оқу дәрістерін «ұрпақ тәрбиесінің кілті – ұстазда» деген ұстаныммен жас спортшыларды оқу мен тәрбиеге егіздей тәрбиелеуде. Сабақ барысында ең бастысы білімнің негізгі тақырыбын аша отырып адамгершілік – имандылыққа, ізгілікке, салауатты өмір салтының дұрыс қалыптасуына назар аудара отырып, Отанды сүюді үйретуде. Оқу жұмысын алға бастырудың алғы шарты – жұмысты сауатты, жүйелі жоспарлай білу.

Болашақта әлемнің тізгіні білімдінің қолында екенін ескеріп барлық оқытушыларымыз күш – жігерін осы жолға жұмсауда.

Бұл орайда мұғалімнің білім тәжірибесін шыңдау мақсатында пән мұғалімдерін екі бірлестікке бөліп («гуманитарлық» және «жаратылыстану» пәндер бірлестігі) жылдық жоспар бойынша ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаттар апталықтары өткізіледі. Апталықтардың мақсаты оқушылар мен ұстаздардың байланысын дамытып, өзара тәжірибе алмасып, білім сапасын, әдіс – тәсілін жетілдіру.

Балаға сапалы білім беру үшін мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы, білімін көтеру жолында жүруі тиіс. Сол себепті ұстаздарымыз облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтіп, біліктілік санатын көтеру мақсатында аттестациядан уақытында өткізіліп тұрады.

Сабақ құрылымының жоспарларын өздерінің жылдық жоспарларына сәйкес жаңа технологиямен оқытудың бағытына негіздейді. Биылдан бастап 7 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті. Басты мақсат жеке бастың интеллектуалдық белсенділігін көтеру, мемлекетің күш – қуатын арттыру, терең, іргетасы мықты білім беруді қалыптастыру. Осы орайда компьютерде үйрену негізі бойынша барлық пәндерден мультимедиалық бағдарламалармен жан – жақты білім алуда. Алған білімдерін сараптау, қорытындылау үшін тоқсан сайын білім мониторингі жасалып отырады. Бітіруші сыныптардан (9-11) байқау тесттерін алып тұрамыз. ҰБТ-ға байланысты оқушылар жауапкершілігін арттыру мақсатында қосымша білім алу курстарына ата – аналармен бірлесе жұмыс жүргізіп дайындалуына мүмкіндіктер береміз.

Ел президентінің жолдауына сәйкес білім сапасын арттыруда жетістіктерге де қол жеткізіп келеміз. Бұған дәлел ҰБТ қорытындысында мектеп – интернат ерекшелігіне байланысты өзіндік қиындықтарға қарамастан орта деңгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізудеміз. Мектеп ашылғалы 17 жыл ішінде 15 рет бітіруші түлектерімізді үлкен өмір жолына шығарып салдық.

Мемлекеттік грант иелері де аз болған жоқ.

Жалпы ҰБТ тапсырудың орташа ұпайы 50 – 60 құрайды.

Оқушының өзіне деген сенімін қалыптастырып, оларды өз бойынан жақсы қасиет таба алатындай етіп тәрбиелеуге бар күш жігеріміздің жұмсалып жатқандығын тілге тиек еткім келеді. Аталған нәтижелі істер біздің жетістіктеріміз.

Ал енді, қордаланған түйіткілді мәселелер де баршылық. Біздің мектебіміздің ерекшелігі жекелеген оқушыларымыздың сабақ процесі уақытында ұзақ мерзімге оқу – жаттығу жиындарына, жарыстарға кетіп үлгірім сапасына нұқсан келуі – басты қиыншылығымыз. ҰБТ – да мұндай оқушыларға ешқандай көмек, не жеңілдік жоқ. Сонымен қатар біздің оқушыларымыздың күн тәртібі бойынша сабаққа дайындалу уақытының аздығы кедергі келтіреді.

Білім олимпиадасына қатысып грант иегері болып жатқан оқушылар қатарына спортта зор жетістігі бар оқушыларға да осындай қолдау көрсетілсе деген тілегімді үлкен сенім білдіре айтамын.

 

150

ҚР СШ

45

Қатысушы

әлем деңгейіндегі жарыстарға

20

ХДСШ

350

ҚР СШК